Қоғам • 23 Наурыз, 2023

Көкшетауда Қопа көлінен мина табылды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда Қопа көлінен мина табылды

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау қалалық ПБ-не Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлап айтқан.

«Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды», деді ведомстводан.