Аймақтар • 26 Наурыз, 2023

Қызылорда облысында балықшы суға батып кетті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында көлге балық аулауға шыққан 61 жастағы тұрғынның ағаш қайығы аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында балықшы суға батып кетті

Оқиға 24 наурызда Қармақшы ауданында болды. Көлге балық аулауға барған 1962 жылы туған азаматтың қайығы аударылып, суға батып кеткен.

«Аталған оқиға жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама түсті. Онда Қуаңдария ауылындағы Жетікөл көлінде балық аулау кезінде ағаш қайығы аударылып, оқиға салдарынан 1962 жылы туған азаматтың суға батып кеткені айтылған. Марқұмның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан шығарып алған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімінің мамандары тиісті жұмыстар атқарды», деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.