Елорда • 28 Наурыз, 2023

Астанада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адам сотталды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағы ұрланғаны анықталды. Ұрлыққа жауапты ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адам сотталды

Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.

2023 жылғы 2 ақпанда Ш. есімді азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірді.

2023 жылдың 17 наурызындағы сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.