Президент • 29 Наурыз, 2023

Президент орта бизнес мәселесін жеке бақылауына алды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке депутттармен бірлесіп орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент орта бизнес мәселесін жеке бақылауына алды

Мемлекет басшысы ел экономикасын ілгерлетуде маңызды рөл атқаратын бағыттарды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Осы орайда, Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Өйткені орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», деді Президент.

Сондай-ақ ауқымды жобаларды отандық кәсіпкерлер атқару керегін атап өтті.

«Біз нақты индустрияландыруға, жергілікті өндірісті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударуымыз қажет. Бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды, ең алдымен отандық кәсіпкерлер жүзеге асыруға тиіс», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024