Тағайындау • 29 Наурыз, 2023

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз міндеттеріне кіріскен Мәжіліс депутаттары комитеттердің санын анықтап, олардың төрағалары мен құрамын сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Аграрлық мәселелер комитетін «Ауыл» партиясының мүшесі Серік Егізбаев;

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Снежанна Имашева;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Айгүл Құспан;

Қаржы және бюджет комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Мәди Тақиев;

Экология және табиғатты пайдалану комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Еділ Жаңбыршин;

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін «AMANAT» партиясының депутаты Нұртай Сабильянов;

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарды.

Еске салайық, бүгін дауыс беру барысында Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды.