Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Атаулы әлеуметтік көмекті онлайн рәсімдеуге болады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ХҚКО-ларға құжат тапсырмай-ақ ала беруге болады. АӘК алушыларға eGov.kz сайтынан SMS хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атаулы әлеуметтік көмекті онлайн рәсімдеуге болады

Аталмыш көмекті мемлекеттік деректер базасында қамтылған АӘК критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар алады. Бұл былай жұмыс істейді:

1) атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж – АӘК алушыға 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама келеді;

2) АӘК алушы өзінің IBAN шотын көрсете отырып, сол хабарламаға жауап ретінде өзінің келісімін жібереді;

3) жауапты алғаннан кейін eGov.kz «электрондық үкімет» порталы жәрдемақы тағайындау үшін алушы туралы мәліметтерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

Хабарламаларды мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген азаматтар ғана алатынын атап өту маңызды.

«Азаматтарға енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ, тіпті онлайн режимінде eGov.kz арқылы өтініш берудің керегі болмайды. Invisible Government тұжырымдамасы шеңберінде біз азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысу қажеттілігін барынша азайтамыз. Сонымен, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 57 мың адам мемлекеттен жәрдемақы алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама алды», деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сондай-ақ АӘК алуға өтінімді eGov.kz порталы арқылы және eGov Mobile мбильді қосымшасы арқылы беруге болады.