«Бұл кездесу әлі есімде. Сол кезде біз тіс протезін орнату кезінде қызыл иектің ауырсыну процесін талқыладық. Бұрын тістің ауырсынуын дәрігер өз қолымен анықтайтын. Бірақ әр адамның ауруы әртүрлі ғой. Жасанды тіс салдырған адамдардың жақ сүйектері қатты ауырып, дәрігерге қайтадан келеді екен. Сондықтан тіс мамандарына науқастың қызыл иегінің сезімталдығын, оның ауырсынуын анықтайтын құрал қажет болды. Осыны естігеннен кейін мен бірден мұндай құрылғыны қалай жасау керектігі туралы ойланып, шабыттана түстім», дейді Ақжол.
Бүгінде отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жігерлі жастардың қатары артып келеді. Олар нарықтың сұранысын нақты анықтап, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ұмтылады. Солардың бірі – Сәтбаев Университетінің «Биомедициналық инженерия» мамандығының 3-курс студенті Ақжол Нұрданәлі. Ол науқастың қызыл иегінің ауырсынуын анықтайтын жаңа құрал жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аймақтар • Кеше
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше