Қоғам • 30 Наурыз, 2023

Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Семейде әр уақытта із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды

Астанада 1993 жылы туған Пивачев Виталий жоғалып кеткен еді. Ол 23 наурызда түнгі сағат 01:00 шамасында Чехов көшесіндегі үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Жұмағұлов Нұрлан Талғатбекұлы 1954 жылы туған, Семейде тұратын. Ер адам 7 наурызда жоғалып кеткен. Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Соңғы рет оны балықшылар суда көрген. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны анықталды.

Өлімнің мән-жайы белгісіз.