Спорт • 05 Сәуір, 2023

Әлемдік рейтинг жаңарды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Түркияның Анталия қаласында мәресіне жеткен «Grand Slam» жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты.

Әлемдік рейтинг жаңарды

Өкінішке қарай, халықаралық ұйым ұсынып отырған рейтингте Қазақстан балуандарының нәтижесі жанкүйерлердің көңілін көншітпейді. Өйткені жаңартылған рейтингтің ТОП-10 тізіміне бір-ақ балуа­ны­мыз енген. Кейінгі уақытта тәуір нәти­жесімен көзге түсіп, үнемі жүлдегерлер қата­рынан көрініп жүрген Әбиба Әбу­жа­қынова (48 кг) өз салмағында бесінші са­тыға жайғасқан. Одан кейінгі үздік нәтиже ерлер құрамасының өкілдері – Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаевке (73 кг) тиесілі. Екі балуанымыз да рейтингте 15-орында тұр.

Ал Түркиядағы жарыста Қазақстан құра­масы сапынан жалғыз қола жүлдені жеңіп алған Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылап, 60 кило салмақ дәрежесінде 36-орынға көтерілді. Өзге салмақтағы балуандарымыздың рейтингіне тоқталар болса, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) – 24, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) – 22, Дидар Хамза (90 кг) – 24, Нұрлыхан Шархан (100 кг) – 24, Әділ Оразбаев 41-орында ке­леді.