Елорда • 07 Сәуір, 2023

Астанада құрғақ шөп пен қамыс өртенді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында табиғи өрттерге қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада құрғақ шөп пен қамыс өртенді

Елордадағы өрт мәселесі Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында көтерілді. Спикердің айтуынша, өткен жылы құрғақ шөп пен қамыстың өртенуі бойынша 313 оқиға тіркелген.

«Бір аптаның ішінде 1 500 шаршы метрден асатын аумақта құрғақ шөп пен қамыстың өртенуі бойынша 6 оқиға тіркелді. Өткен жылы 313 жағдай тіркелген еді. Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында биыл елорда аумағында табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қала шекарасының периметрінде 6 бағыт бойынша жылжымалы күзет бекеттері ашылды», деді Еркін Отарымғалиұлы.

Осы орайда өрт бақылау басқармасының бастығы қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмаудың маңыздылығына тоқтала кетті:

  • кез келген ашық от көзімен жұмыс істегенде сақ болыңыз;
  • жеке орналасқан тұрғын үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап тұру керек;
  • табиғат аясына шыққанда сіріңкені абайлап қолданып, темекі қалдығын тастамау керек;
  • балалардың сіріңке және отпен ойнауына жол бермеңіздер;
  • аң аулау кезінде жанатын материалдарды қолданбау қажет;
  • ғимараттардың жанында от және қоқыс жағуға болмайды;
  • табиғат аясына демалысқа шыққанда жаққан жалынды толық сөндіріп кету керек. Себебі шала сөнген от өртке әкелуі мүмкін;
  • шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдырмаңыздар. Өрт басталған жағдайда болса сумен, ағаштың бұтағымен немесе құм себу арқылы сөндіруге тырысу қажет.