Әлем • 07 Сәуір, 2023

Жапонияда әскери тікұшақ теңізге құлады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бортында әскерилер болған Жапония күштерінің тікұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияда әскери тікұшақ теңізге құлады

Жапон жағалау күзеті Мияко аралының маңында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің жоғалып кеткен UH-60 Black Hawk тікұшағының сынықтарын тапты. Мияконың көршілес Ирабу аралының маңында ұшақтың винтінің сынықтары сондай-ақ төгілген жанармай табылды.

«Тікұшақ Мияко аралынан тұрақты патрульдік қызмет үшін көтерілді. Ұшудың жалпы ұзақтығы бір сағаттан аспауы керек, ауа райы қалыпты болды», деп хабарлады NHK.

Бұл Кумамото префектурасындағы Такаюбару гарнизонына тағайындалған америкалық Sikorsky UH-60 Black Hawk тікұшағы екені атап өтілді.

Тікұшақтың бортында 10 әскери қызметкер болған, олардың арасында дивизия командирі де бар. Олардың жағдайы әлі белгісіз. Жапон жағалау күзетінің кемелері іздеуге шықты.