Спорт • 09 Сәуір, 2023

«Тобыл» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңілді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тобыл» биылғы біріншілікте алғаш рет жеңілді

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Бұған дейін қостанайлық клуб үш мәрте жеңіп, бір мәрте тең түсті.

Ал елордалық команда үш мәрте қарсыластарынан басым түсіп, бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өтетіні белгілі еді. Ойын басынан командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де қос команданың белсенділігі байқалды. Ойынның 70-минутында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 0:1 есебімен есе жіберді.