Ғылым • 11 Сәуір, 2023

Жоғары білім – ғылым мен мәдениеттің арқауы

210 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Президенті жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Кеңестің құрамына Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар қатарынан 42 адам мүше болып, үш жыл мерзімге сайланды.

Жоғары білім – ғылым мен мәдениеттің арқауы

Кеңес ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізеді деген сеніміміз зор.

Қазіргі дәуір – қоғам өмірі­нің бар­лық саласын қамтитын өз­ге­ріс­­тер кезеңі. Адамзат қоғамы­ның­ одан әрі өсіп-өркендеуінде ғы­­лымның атқаратын орны ерекше.­

Ғылым да, білім де ұлттың баға жетпес қазынасы десек, қазақ ғылымы тәуелсіздік жылдарында өзгелермен терезесі тең болу үшін дамудың айқын жолын таңдап келеді.

Сондықтан қазір Мем­леке­ті­міз­­­­­дің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымға баса назар аударып отыр. Әсіресе, университеттердің ғылыми әлеуе­тін күшейтуге мән беру қажет еке­нін тілге тиек етіп жүр.

Расында, ғылым мен техноло­гияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның ба­сым­дықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындауға тиіспіз. Бұл ретте үздіксіз кәсіби білім беру жүйе­сінде университеттердің орны айрықша. Өйткені жоғарғы білім – ғылым мен мәдениеттің тоғысқан жері.

Жалпы, еліміздің универ­си­теттері мен ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттері көп.

Анығын айту керек, университеттер мен кәсіпорындардың ара­сындағы байланысты күшейтуге ерекше ықылас бөле бастадық. Өйткені өндіріс ошақтары мен университеттің зертханалары­ бірі­гіп жұмыс істеп, бизнес өкіл­­дері ғылымға арқа сүйеп, ғалым­дарымыздың мүмкіндігін пайдалана білгенде ғана біздің еліміз әлемдегі іргелі мемлекеттермен, олардың алпауыт компанияларымен бәсекеге түсе алады.

Алдыңғы қатарлы елдер ғы­лымсыз, озық білім мен инно­ва­циялық технологияларсыз мем­лекеттің экономикасы мен аза­маттардың әлеуметтік жағ­дайын түзеу мүмкін еместігін жақ­сы түсініп, өздерінде ғылым саласының дамуына басымдық беріп, ғалымдарын бағалап, олар­дың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызып жатыр.

Таяуда Мемлекет басшысы Пар­ламенттің бірінші сессия­сы­ның ашылуында отандық эко­номиканың дамуы ғылымның же­тістіктеріне негізделуі тиіс еке­нін де қадап айтты. Ғылыми әзір­лемелер өндіріске кеңінен ен­гізіліп, экономиканың өсіміне ық­пал етуі керек. Бұл тұрғыда зерт­теу университеттеріне ерекше миссия жүктеледі десек, Л.Н.Гу­милев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситеті зерттеу университеті мәрте­бесін алған-ды.

Қазіргі таңда университет ғалымдары әртүрлі бағытта 200-ден астам ғылыми жобаны жүзеге асырды. Бұл ретте біз ғылыми-өндірістік экожүйені дамытуға, нақты сектордың ірі компанияларымен өзекті бағыттар бойынша жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудару­дамыз.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Қазақстан Президенті жанындағы Ғылым мен технология мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі, академик