Хоккей • 16 Сәуір, 2023

Легионерлер кетіп жатыр

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен ҚХЛ-да өнер көрсететін елордалық «Барыс» клубы­ның ойыншылары Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Мак­люков (2017-2021 жылдары «Барыс» сапында ойнаған) Қазақстан азамат­тығынан бас тартты.

Легионерлер кетіп жатыр

Шайба.kz интернет басылымының мәліметі бойынша, жоғарыда аты аталған үш ойыншы Ресей азаматтығында қалып, ел құрамасы сапында ойнаудан бас тартқан. Бұған дейін Е.Петухов «Барыс» сапынан кететіні айтылған. А.Маклюков соңғы екі маусымды Магниторскінің «Металлург» клубында өнер көрсетсе, кейінгі төрт жылда «Барыстың» намысын қорғаған А.Сагадеев енді карьерасын «Сочиде» жалғастырмақшы.

Ресейдің Барнаул қаласында дүниеге келген Егор Петухов Қазақстан азаматтығын 2013 жылы, Мәскеу облысында туған Алексей Маклюков 2018 жылы алған. Ал Антон Сагадеев Қазақстанның тумасы болса да, көк паспорттан бас тартқан.

Қазіргі таңда шайбалы хоккейден ұлттық құрама 2023 жылғы Лат­вияның Рига, Финляндияның Тампере қаласында өтетін әлем чемпионатына дайын­далып жатыр. Топтық кезеңде Қазақстан Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцариямен ойнайды.