Теннис • 17 Сәуір, 2023

Кинг кубогіне кімдер қатысады?

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Билли Джин Кинг кубо­гі аясындағы командалық әлем чемпио­натының іріктеу кезеңінің матчтары өз мәресіне жетіп, финалдық кезеңге жол­дама алған барлық құрама белгілі болды.

Кинг кубогіне кімдер қатысады?

Әйелдер арасындағы жаһан біріншілігінің финалына Елена Рыбакина бастаған Қазақ­стан құрамасынан бөлек, іріктеу кезе­ңінде үздік шыққан тағы сегіз команда жолдама алды. Олар: Испания, Чехия, Франция, Ка­на­да, АҚШ, Италия, Германия және Сло­вения.

Осылайша, іріктеу сайыстарынан кейін әлем чемпионатының финалына шыққан тоғыз құрама былтырғы Билли Джин Кинг кубогінде топ жарған Швейцария, финалист Аустралия және жарысты қабылдаушы ел құрамаларының қатарын толықтырып, 2023 жылғы чемпиондықты сарапқа салады.