Қоғам • 18 Сәуір, 2023

Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған жігітті теуіп құлатты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы «Сити Молл» сауда үйінде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан тепкен. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған жігітті теуіп құлатты

Желіде тараған видео karaganda.city парақшасында жарияланған. Полицейлер күдіктіні ұстады. 

«25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиаторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды», деп хабарлады полиция.