Теннис • 18 Сәуір, 2023

Ұлттық құрама – үздіктер қатарында

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте алғаш рет үздік жеті елдің қатарына қосылды.

Ұлттық құрама – үздіктер қатарында

Ярослава Шведова же­текшілік ететін ұлттық құрама қыздары жуырда ғана Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Польша теннис­шілерін 3:1 есебімен тізе бүк­тіріп, қатарынан екінші мәр­те командалық әлем чемпио­натының финалдық кезе­ңіне жолдама алған болатын. Осы­нау айтулы жеңісінен кейін Қазақстан ұлттық құрамасы әлем­дік рейтингте бірден төрт орынға жоғарылап, 10-сатыдан 7-орынға көтерілді. Бір айта кетерлігі, ұлттық құрама рейтингте теннисі қарқынды дамыған алпауыт мемлекет саналатын АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артта қалдырды.

Ал үздіктер көшін әйелдер арасындағы былтырғы Билли Джин Кинг кубогінің жеңімпазы – Швейцария құрамасы бастап тұр. Екінші орынға Аустралия қыздары жайғасса, үшінші орын Испания құрамасына тиесілі. Кейінгі орындарға Франция, Чехия және Канада теннисшілері жай­ғасқан. Қазақ­стан құра­ма­сының қатысуымен өтетін биыл­ғы Билли Джин Кинг ку­богінің финалдық кезеңі 7-12 қа­раша ара­лығына жос­парланған.