Елорда • 19 Сәуір, 2023

Елордадағы LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT жобасының бірінші кешенін салу жұмыстары қолға алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордадағы LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды

«LRT-ның бірінші кешенін іске қосу үшін құрылыс қайта жанданды. Жобаны 2 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз», деді Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, биыл қаладағы барлық проблемалы үлестік құрылыс нысандары пайдалануға беріледі. Айта кетсек, бұл жобалар «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Осы жылдың наурызында 2030 жылға дейін қалалық реинновация бағдарламасы өзектендірілді. Оның аясында апатты жағдайда тұрған 206 үйдің тұрғындары көшіріледі», деп қосты елорда әкімі.