Қоғам • 20 Сәуір, 2023

Бас мүфти оразадағы соңғы тарауих намазына қатысты

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте өткен Рамазан айындағы соңғы тарауих намазына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфти оразадағы соңғы тарауих намазына қатысты

Бас мүфти келер жылғы Рамазанға дейін мұсылман үмбеті сағына күтетін ерекше намаз және берекелі ай жөнінде уағыз айтып, жамағатты алдағы ораза айтпен құттықтады.

- «Қош бол, Рамазан» деп жатырмыз. Бұл жай сөздер емес, жүректен, көз жасына ерік бере айтылар сөз. Ата-бабаларымыз, сахабалар солай істеген. Біз де Рамазанның өтіп бара жатқанын, келер жылға дейін қайта келмейтінін ойласақ, көңіліміз босайды. Өйткені біз Рамазанды жақсы көреміз, оны сағынамыз. Сол сүйікті Рамазанымыз бізден кетіп бара жатыр. Қайта айналып келгенше баршамыз аман болайы, - деді ҚМДБ Төрағасы.

38dd29d6-9416-4e1e-9a65-83c08a86d1f9.jpg

c3be8214-6416-446c-bde3-314a40c84553.jpg

a03c872e-047d-4c46-8f4f-f93771b0f94e.jpg

da2d4338-a41b-4173-8a66-f71780f50ec4.jpg

c1fb66ae-685c-401e-b76f-a6247b6c742d.jpg

448e75d8-f456-4976-96db-ddc1f26ddb9a.jpg

13118f82-9d54-4d21-9b68-63564a6e7e27.jpg

a5c646bc-df41-4fdd-bfc2-bdb1a90bc2e0.jpg

4d208c64-9c51-436a-b76a-ab4e8f2af0b0.jpg