Үкімет • 21 Сәуір, 2023

Үкімет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт мейрамында халқымыз бір-біріне игі тілектерін арнап, мейірім мен қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Шарапатты айда сауабы мол, ізгілікті істерге атсалысқан адамдар көптің құрметіне бөленеді.

Қасиетті Рамазанда отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстаған жұртшылықтың ниеттері қабыл болып, егемен еліміздің береке-бірлігі арта берсін.

Қастерлі мерекеге орай Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Айт қабыл болсын!», делінген құттықтауда.