Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Мәулен Әшімбаев: Рамазан – мұсылман қауымы үшін рухани тазару кезеңі

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Рамазан – мұсылман қауымы үшін рухани тазару кезеңі

«Құрметті достар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз бұл мейрамды қашанда ерекше ықыласпен атап өтеді. Осы күндері бір-біріне жақсылық жасауға асығып, қуанышты күйге бөленеді. Сондықтан айт күндері имандылық пен адамгершілік құндылықтары қатар дәріптеледі деуге толық негіз бар.

Рамазан – мұсылман қауымы үшін рухани тазару кезеңі. Осы айда мол сауаптан үміт етіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болсын деймін. Ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!», деп жазба қалдырды ол.