Қоғам • 23 Сәуір, 2023

Көкшетауда азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау полицейлері азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды
19 сәуірде қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде 45 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Тергеу барысында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты пәтерде өздері болғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталған. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан, сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.