Бокс • 23 Сәуір, 2023

Қазақ қызы бокстан Моңғолия чемпионы атанды

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ қызы Зейнеп Әзімбайқызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ қызы бокстан Моңғолия чемпионы атанды
Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы Моңғолия чемпионы атанды.

Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған.