Хоккей • 23 Сәуір, 2023

Әлем чемпионатына қатысады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Францияның Анже қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер ара­­сындағы 1А дивизионының әлем чем­пионатының жалауы желбіреді. Бай­­рақты додада Қазақстан құрама­сы­ның хоккейшілері де өнер көрсетіп жатыр.

Әлем чемпионатына қатысады

Франциядағы додада ел намысын 23 хоккейші қорғайды. Олар – қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс», Астана), Руслан Кәкенов («Ястребы», Орал). Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев (бәрі – «Барыс»), Александр Ким («Эссет», Финляндия) Бейбарыс Оразов («Астана») Рахат Оспанов (Онтарио хоккей академиясы, Канада).

Шабуылшылар: Арыстан Әмірханов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асан­әли Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников (барлығы – «Барыс», Астана), Әділ Бейсембаев («Астана»), Дәулет Нұркенов («Эссет», Финляндия).

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы кеше әлем чемпионатындағы тұсаукесер кезде­суін Мажарстанмен өткізсе, бүгін Жапония хоккейшілерімен ойнайды. Ал 26 сәуірде – Дания, 27 сәуірде – Украина, 29 сәуірде Франциямен шеберлік байқасады.