Шахмат • 24 Сәуір, 2023

Шахмат факультативтік пәнге айналуы мүмкін

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу бағдарламасы әзірленуде. Болашақта шахматты оқытуды мектепалды даярлықтан жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқа сатыларына да енгізуге болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылары мен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахмат факультативтік пәнге айналуы мүмкін

2016-2020 жылдары ҚШФ «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасын жүзеге асырған еді. Жоба Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы 18 мектепте жүзеге асты. Оның аясында 2-4 сыныптарда шахмат сабағы өткізілді. Шахмат ойнаған мектеп оқушыларының интеллектуалдық көрсеткіштері мен шығармашылық қабілеттерінің күшейгендігі, алаңдаушылық деңгейінің төмендеуі, ауызша сөйлеу және логикалық ойлау көрсеткіштерінің, математика, жаратылыстану пәні, гуманитарлық бағыттар бойынша оқу үлгерімінің жақсарғаны байқалды. Пилоттық жоба қазақ және орыс тілдерінде оқитын 1738 оқушыны қамтыды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шахмат мұғалімдерін даярлау үшін «Шахматты оқытудың теориясы мен әдістемесі» оқу бағдарламасы әзірленді. Бұл жұмысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен), Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ, Павлодар), Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қатысты.

«Шахматты мектеп бағдарламасына енгізу идеясы көптен бері талқыланып келеді. Біз мемлекеттік стандарттардың пайда болуын күтпей-ақ, жекеменшік мектептердің бұл тәжірибені қалай қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Біз Мемлекет басшысына шахматты білім беру бағдарламасына енгізу керектігін айтып, одан толық саяси қолдау алдық. Шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу жоспары әзірленуде», деді ҚШФ бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.

FIDE - Chess in Education комиссиясының төрағасы Леонсе Гарсиа (Испания) және комиссия хатшысы Рита Аткинс (Венгрия) өз кезегінде шахматты оқу үдерісіне енгізудің халықаралық тәжірибесі мен оның нәтижесінде оқушылардың пәндер бойынша көрсеткіштері жақсарғанын айтты. Олар жалпы білім беретін мектептерде шахматты енгізуге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024