Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

1389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына  берілген, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

Атап айтқанда, комбинат арнайы техниканың жеткілікті санымен  қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған.

Апелляция сатысында жоғарыда аталған соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024