Сенат • 25 Сәуір, 2023

Сенаторлар Еңбек ресурстарын дамыту орталығын аралады

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Еңбек ресурстарын дамыту орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Еңбек ресурстарын дамыту орталығын аралады

Сенаторлар сапар барысында орталықтың жұмысымен, сондай-ақ жұмысқа орналастыру саласындағы цифрлық еңбек делдалы мен қызметтер көрсетудің онлайн-платформасымен танысты. Депутаттар дағдыларға онлайн оқыту, кәсіпкерлік бастамасын қолдау және онлайн-жұмысқа орналастыру процесін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты бірқатар мәселелерді сарапшылармен бірге талқылады.

Орталық өкілдері кездесетін проблемалар туралы сенаторларға айтып берді, сондай-ақ олардың шешімдері бойынша өз ойларымен бөлісті. Депутаттарға сондай-ақ Qlik Sense, «Отбасының цифрлық картасы», «Электрондық еңбек биржасы», Enbek.kz, Business.Enbek және басқа да платформалардың жұмысы да таныстырылды.

Айта кетсек, бұл кездесу Сенатта «Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру, сапалы орта білім беруді қамтамасыз ету, жоғары және кәсіптік-техникалық білім берудің даму үрдістері» тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстелге дайындық аясында болды. Сенаторлар осы сапардың қорытындысы жоспарланған дөңгелек үстел барысында ғана емес, Сенат депутаттарының заң шығару қызметінде де кеңінен талқыланатынын атап өтті.