Спорт • 26 Сәуір, 2023

Чемпионатты жеңіспен бастады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.

Чемпионатты жеңіспен бастады

2021 жылғы Азия чемпиондары құрлық додасының «В» тобында «Liaoning Donghua VC» (Қытай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) және «Hip Hing VB Club» (Гон­конг) командаларымен бірге сынға түсуде.

Юрий Панченко жаттықтыратын «Алтай» клубы біріншіліктегі алғашқы ойынын Таиландтың «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» клубымен өткізіп, бес партияға жалғас­қан бәсекеде 3:2 (21:25, 19:25, 25:22, 25:14, 15:11) есебімен жеңіске жетті. Өткен жылы Семейде ұйымдастырылған чемпионатта да «Алтай» дәл осы команданы топтық бәсекеде 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.