Спорт • 28 Сәуір, 2023

Ақмарал Науатбек парадзюдодан Азия чемпионатында «күміс» алды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмарал Науатбек парадзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қорыжына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмарал Науатбек парадзюдодан Азия чемпионатында «күміс» алды

48 келіге дейінгі салмақтағы А.Науатбек J2 (көзі нашар көретіндер) санатында күміс медаль жеңіп алды.

«Бүгін Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болдым. Мақсат – өз елімізде өтіп жатқан әлемдік жарыста «алтын» алып, Әнұранымызды шырқату болатын. Өкінішке қарай, өз қателігімнен қолда бар «алтыннан» айырылып қалдым. Маған үміт артқан барша жанкүйерден кешірім сұраймын.

Бұл менің әлем чемпионы ретінде қатысқан алғашқы жарысым еді. Осы қателігімнен сабақ алып, келесі жарысқа аянбай еңбек етемін.

Дзюдодағы басты мақсатым – Паралимпиада ойындары. Бар күш-жігерімді осы мақсатымды бағындыруға жұмсаймын», деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетерлігі, осы салмақ дәрежесінде өзбекстандық Лобар Хурромова жеңімпаз атанса, Кокила (Үндістан) мен Юи Фужиуара (Жапония) қола жүлдені өзара бөлісті.

Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.