Елорда • 03 Мамыр, 2023

Діни ақпараттық-түсіндіру тобы елордалықтармен кездесті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Діни ақпараттық-түсіндіру тобы елордалықтармен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы жылдың 24-28 сәуір аралығында Астана қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде өңірдің тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар, психологтар) – А.С.Нұрадинов, М.Қ. Қайдар, А. Нұрахметұлы, И.Т.Бердалиев қатысты.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен №1, №8 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінің спортшылары мен жаттықтырушылары, «Астана қаласының өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметкерлері, сонымен қатар, «Мереке базары», «Automart» сауда орталығының өзін-өзі жұмыспен қамтушылары және т.б. мекемелердің еріктілері, саудагерлері, әскери қызметкерлері арасында семинарлар мен кездесулер өтті.

Аталған іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.

В

А