Ауа райы • 10 Мамыр, 2023

Еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.