Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Беларусь Республикасында сотталған екі азаматымыз Қазақстанға жеткізілді

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айырған Қазақстан Республикасының екі азаматын беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусь Республикасында сотталған екі азаматымыз Қазақстанға жеткізілді

Азамат «К» Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.