Технология • 10 Мамыр, 2023

Семейлік оқушы байланыссыз медициналық карта жасап шығарды

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов медицина қызметкерлеріне арналған QEFO.KZ қосымшасын әзірлеп, оның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Семейлік оқушы байланыссыз медициналық карта жасап шығарды

QEFO - адам өмірі үшін пайдалы әрі тиімді заманауи құрал. Оның орнында кулон, сағат бауы немесе брелок болуы мүмкін. Ең бастысы, мұнда кез-келген смартфонның камерасы арқылы оқуға және адам туралы ақпаратты білуге болатын шағын QR-код суретінің болуы шарт.

«Мұндай мәліметтер жиынтығы MEDICAL ID (медициналық ID) деп аталады. Мәселен, Медициналық ID IPhon-да бар және смартфон бұғаттаулы болған жағдайда да, оған қолжетімділік шектелмейді, ол арқылы медициналық қызметкерлер науқас туралы қажетті ақпаратты 5 секунд ішінде ала алады», дейді Нұрлыхан.

Егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастар медициналық идентификаторлардың қажет екенін дәлелдейді. Бүгінде дәрігер қызметіне жүгінген кез-келген адамның денсаулығы туралы толық ақпарат алу үшін заманауи «девайстар» медицина саласында кеңінен қолданылып келеді.

«Мұндай аксессуарлар қоғам үшін өте пайдалы. Мәселен, төтенше жағдайларда өмір үшін аса маңызды минуттар жеке тұлғаны анықтау үшін зая жұмсалмайды. Білезік электронды емес, ол қарапайым ғана. Оларда 5G антенналары мен чиптер жоқ. Білезік қолданушысын микротолқындармен сәулелендірмейді және деменция қаупін тудырмайды. Бұл жәй ғана гипоаллергенді силикон және QR коды бейнеленген нейлон. Мұндай аксессуарлар адам денсаулығы үшін қауіпсіз. Өз идеямды жүзеге асыру үшін сайт құрастыратын tilda-да сайт жасадым. Сайтта адам туралы жеке деректер сақталады, содан кейін QR-кодты әзірлеп, оған сайттағы деректерді енгіздім», дейді өз өнертабысымен бөліскен оқушы.

Айта кетсек, Нұрлыхан «QEFO.KZ» байланыссыз медициналық карталар» жобасын мамыр айында өтетін фестиваль барысында таныстырады.