Хоккей • 16 Мамыр, 2023

Бүгін Қазақстан хоккей құрамасы Швейцарияға қарсы ойнайды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Швейцария құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстан хоккей құрамасы Швейцарияға қарсы ойнайды

Швейцария - Қазақстан ойынының тікелей трансляциясын Астана уақытымен 23:20-да Qazsport телеарнасынан көруге болады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатында Норвегияны 4:3 есебімен жеңген еді, кейін Чехия құрамасынан 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ Швейцариямен өткен ойыннан кейін Қазақстан В тобында  Канада, Латвия, Словакия және Словениямен ойнайды. Айта кетейік, топтан үздік төрт команда ширек финалға жолдама алады. Аутсайдерге келсек, соңғы орын алған команда бірінші дивизионға түседі.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті