Қоғам • 17 Мамыр, 2023

Түркістанда пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

5 мамырда Бәйдібек аудандық сотының үкімімен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. Ол 12 миллион теңге айыппұл төлейді.

«Ол Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына нысанды пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлық үшін кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті