Шахмат • 17 Мамыр, 2023

Әлем чемпионын жеңді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары шахматтағы қазақ қыздары әлемдік ареналарда ірі-ірі жеңістерге қол жеткізіп жүр. Жуырда 16 жастағы Алуа Нұрманова әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңіп, «Pro Chess League» турнирінің жеңімпазы атанды.

Әлем чемпионын жеңді

1 ақпан мен 15 мамыр аралығында ұйымдастырылған жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын онлайн командалық шахмат турнирінде Алуа Нұрманова халық­аралық дәрежедегі гроссмейстерлер – Хи­кару Накамура (АҚШ), Владимир Фе­досеев (Ресей) және Шамсиддин Вохи­дов­пен (Өзбекстан) бірге «Gotham Knights» командасында өнер көрсетті.

Отандасымыз жарыс барысында Адхибан Баскаран (Үндістан), Николас Теодору (Грекия), Бенджамин Бок (Нидерланд) се­кілді гроссмейстерлермен тең ойнап, ше­шуші бәсекеде қытайлық әлем чемпио­нын тізе бүктіріп, командасына жеңіс сый­лады. «Pro Chess League» жарысының негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 16 команда сынға түсті.