Спорт • 23 Мамыр, 2023

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Қазақстан — Словения матчы Астана уақыты бойынша 23:20-да басталған болатын. Үш таймға созылған ойында 4:3 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының Евгений Рымарев атты ойыншысы үздік деп танылды.

Ал қақпашы Андрей Шутов, қорғаушы Әділ Бекетаев, Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко хоккейден әлем чемпионатында ерекше көзге түскен ойыншылар ретінде марапатталды.

Хоккейден әлем чемпионаты барысында алты матч өткізіп үлгерген Қазақстан құрамасы қоржынында төрт ұпай бар. Словения құрамасына келетін болсақ, ол алты ойында бір де бір ұпай жинай алмады. Сондықтан сарапшылар екі команда үшін де бұл матчтың аса бір маңызы жоқ екенін алдын ала айтқан болатын.