Ауа райы • 24 Мамыр, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылдар болады.

«Ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде 27-35 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы күтіледі. Солтүстікте, шығыста, орталықта 18-27 градус жылыға дейін аздап төмендейді. Оңтүстікте 25-33 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градус жылыға дейін жоғарылайды», делінген хабарламада.