Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Атырауда екі шағын автобус өртеніп кетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда М.Баймұханов көшесіндегі №3 қалалық емхана ауданында екі шағын автобус өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі шағын автобус өртеніп кетті

Облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сәйкес, түрлі сақтандыру компанияларына тиесілі Toyota Hiace және Nissan Serena автокөліктері өртеніп кеткен.

Мамандардың айтуынша, шағын автобустардан тараған өрт жақын маңдағы дүңгіршектің қабырғасына зақым келтірген.

Өрт 11:27-де оқшауланып, 11:31-де толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.