Білім • 25 Мамыр, 2023

Оқу-ағарту министрі неліктен оқу жылының 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрі неліктен оқу жылының 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді

Биылғы жаңалық - елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады.

Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:

  • балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;
  • оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;
  • оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.                                                                                     

«Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы - 40 апта. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген»,  деді министр.