Аймақтар • 26 Мамыр, 2023

Батыс Қазақстан облысында 27 жаңа мектеп салынады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 27 жаңа мектептің құрылысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында 27 жаңа мектеп салынады

«Бүгінде облыста 12 апатты және 9 үш ауысымды мектеп бар. 2023 жылы 27 мектептің құрылысы басталады, оның ішінде 9 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынады. Жыл соңына дейін 18 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Ол мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 54 автобус сатып алынғанын атап өтті. Облыс аумағында 9 спорт кешені пайдалануға берілді, төртеуі салынып жатыр. Тағы бір кешен құрылысын 2024 жылы бастау жоспарланып отыр. Биыл М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана құрылысы аяқталады.

«Облыста 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 100 пайызды құрады. Бүгінгі таңда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 84,3 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізу жаспарланды», деп қосты спикер.