Аймақтар • 27 Мамыр, 2023

Абай облысында 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданында оқу жылын 100 208 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 9-11 сынып түлектері – 13 977. ЖОО-ға түсу үшін 4 034 түлек ҰБТ тапсырады. 2823 оқушы 9-сыныптан кейін колледждерге түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. Мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді», деді облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы 22 маусымда облыстың барлық мектептерінде сертификаттар берілетінін баса айтты.

«Өткен жылдардағыдай мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға, оның ішінде лимузиндерді тартуға және ойын-сауық орындарын жалға алуға қатаң тыйым салынады», деп еске алды Нұржан Ахметқалиев.