Қоғам • 29 Мамыр, 2023

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Парламенттің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Бұл сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайлы 2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Конкурс 7 номинация бойынша өтеді. Олар – үздік телевизиялық сюжет, баспа жарияланым, интернет, радио және фото материал. Сондай-ақ «Парламент сөзі» номинациясы, Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламент Мәжілісінің қызметі туралы жасалған арнайы репортаж да атап өтіледі.

Өтінімдерді 2023 жылғы 15 маусымға дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет. Жеңімпаздарды Мәжіліс депутаттарынан құралған арнайы комиссия анықтайды. Қорытынды БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында шығарылады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе 74-63-03, 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы білуге болады.