Баға • 29 Мамыр, 2023

Азық-түлік бағасының жайы

566 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте елдегі әлеуметтік өнімдердің бір аптадағы баға жағдайы қаралды. Негізінен картоп, сәбіз, пияз бағасының маусымдық өсуіне байланысты орташа индекс +0,1% қалыптасты. Нан, түтік кеспе, тауық еті, қант, тұз бағасы тұрақты.

Азық-түлік бағасының жайы

Қарақұмық бағасының төмендеу қарқыны сақталуда, бір апта ішінде жарма бағасы тағы 1,2%-ға, жыл басынан бері барлығы 23%-ға төмендеді. Сонымен қатар күнбағыс майдың баға­сы – 0,4%-ға (жыл басынан бері 5,8%-ға төмендеу), ұн – 0,2%-ға (жыл басынан бері-2,5%) төмендеу үрдісі жалғасып келеді.

Сондай-ақ осы аптада, жалпы ал­ғанда, Павлодар облысы бойынша ӘМАТ-қа баға индексінің 0,3%-ға тө­мендеуі байқалды. Мұндай айтар­лық­тай төмендеу үлесі көп жағдайда күн­бағыс майы мен жұмыртқа бағасының төмендеуіне байланысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өткен жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі астық қорының бар-жоғы мен ерте орақ жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады. Келтірілген мәліметтер бойынша Түркістан облысында ерте картоп жинау басталып, маусым-шілде айларындағы жоспар 180,4 мың тоннаны құрайды. Алматы облысында маусым-шілде айларында бұл көкөністі 37,8 мың тонна көлемінде жинау жоспарланып отыр. Осылайша, өңірлерді картоппен қамтамасыз етудің қажетті деңгейі оңтүстік өңірлерден ерте өнім алумен жабылады.

Өткен жылғы сәбіздің қоры болған жағдайда маусым айындағы ішкі нарық сұраны­сының негізгі бөлігін импорт есебі­нен жабу жоспарланып отыр. Бұл ретте мау­сым айының соңына қарай Түркістан облыс­ында ерте пісетін сәбізді жинау бастала­ды, межелі жоспар – 30,3 мың тонна. Облыс бойынша қазірдің өзінде 90,8 мың тон­на қырыққабат жиналды. Қазіргі және алда­ғы уақытта жиналатын ерте пісетін көк­өніс өнімі нарық қажеттілігін өтеу үшін жет­кі­лікті. Түркістан облысы әкімдігінің мә­лі­меті­нше, қазіргі таңда қырыққабаттың егіс­тік ба­сындағы құны 70-тен 100 тг/кг аралығында.

Жамбыл облысында 105,8 мың тонна, Түркістан облысында ерте өнім беретін 55,4 мың тонна пиязды жинау жоспарланып отыр. Маусым айында ӘКК қорының көлемі қалыптасқанын ескере отырып, өңірлерге шілде айында оңтүстік облыстардан жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды.

2024 жылғы қыс-көктемгі егінді жинауға келер болсақ, форвардтық сатып алу бойынша алдағы күзгі жиын-терімге 129 мың тонна көкөніс: картоп – 70,6 мың тонна, сәбіз – 19,7 мың тонна, пияз – 22 мың тонна және қырыққабат – 16,5 мың тонна жеткізуге шарттар жасалды.

Кеңес барысында Қызылорда об­лы­сының әкімдігі тауар өндірушілерді форвардтық шарттар жасасу кезінде кепілмен қамтамасыз ету, өндірушілердің қоймаларында келісімшартқа отырған өнімді (картопты) сақтау мүмкіндігі жайлы мәселелер көтерілді. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, механизмді пысықтауды тапсырды

Сонымен қатар өңірде маусым айы­ның басында күріш егуді аяқтау жос­пар­ланып отыр. Қызылорда облысы­ның әкімдігі тарапынан күзгі егінді сатып алу бойынша келісімшарттар жасау үшін мүдделі мемлекеттік органдар­дың, облыстық ӘКК, басқа өңірлердің сауда желілері өкілдерінің тікелей қатысуы­мен кездесулер өткізу ұсынылды. Бұл күріш бағасын сақтауды ескере оты­рып, бекітуге мүмкіндік береді, соны­мен қатар жыл бойына сауда маржасын одан әрі реттеуге мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин Қызылорда облысы әкімдігінің күріш жөнінде ерте келісімшарт жасасуға қатысты ұсынысын қолдады. Сондай-ақ әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуін одан әрі тежеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024