Егемен Қазақстан • 30 Мамыр, 2023

Сингапурге тікелей әуе қатынасы ашыла ма?

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сингапурге тікелей әуе қатынасы ашыла ма?

Осылайша, Қазақстан мен Сингапурдың авиа­циялық билік органдары бейнеконференц байланыс бойынша келіссөздер жүргізді. Біздің делегацияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Сингапур делегациясын Азаматтық авиация бас­қармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды.

Келіссөздер барысында отандық тарап тікелей рейстер ашуға қызығушылық білдірді. Сингапурлық авиакомпанияларға Қазақстандағы «ашық аспан» режімін, оның ішінде ауа бостандығының «бесінші дәрежесі» құқығын пайдалану ұсынылды. Синга­пурлық тарап «ашық аспан» режімін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық авиакомпаниялармен пысықталатынын хабарлады.

Тараптар 2023 жылғы шілдеде сингапурлық авиакомпаниялар мен «Сингапур – Чанги» әуежайы­ның қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қаты­насын ашу мәселелерін талқылауды жалғас­тыратынына келісті.

Сонымен қатар Сингапур тарапы Сингапурдың азаматтық авиация академиясында оқу мүмкіндігінің бар екені туралы хабардар етті.

Сондай-ақ біздің елдің тарабы «Эйр Астана» әуекомпаниясының екі ел арасындағы ұшуларды орындауды бастау жөніндегі жоспарын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024