Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Смағұл Сәдуақасұлының рухына құран бағышталды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының рухына құран бағышталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Смағұл Сәдуақасұлының рухына құран бағышталды

Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының және қуғын-сүргінге ұшыраған барша құрбандардың әруағына құран бағышталды. Қала тұрғындары, елорда жастары, құрбан болған азаматтардың ұрпақтары жиналып, ғалымдар жылы естеліктерін айтты.

«Қазіргі есеп бойынша саяси қуғын-сүргіннен үш миллионға жуық адам зардап шеккен. Бұл қазақтың қасіреті. Соттады, қудалады. Сол кезде Голощекиннің бағдарламасына қарсы шыққандардың қатарында Смағұл Сәдуақасұлы, Жалау Мыңбайұлы секілді азаматтарымыз болды. Бізден қолдағандар да болды», деді саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі Сабыр Қасымов.

Сонымен қатар ол «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлін елге келуіне үлкен үлес қосқанын айтты.

«Бүгін қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жапа шеккен асыл азаматтарымызды еске алатын күн. Бізге ең қымбат тәуелсіздік жолында Смағұл Сәдуақасұлының, оның ағайындарының да шеккен зардаптарын ұмыту мүмкін емес.  Осы кісілердің есімдерін ұлықтау − басты парызымыз. Бұл шара әр жылы Дихан Қамзабекұлының бастамасымен өтіп жүр. Биыл шараның ауқымы кеңейіп, қала әкімінің тапсырмасымен өтіп жатыр», деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Әлімбайұлы.

Шара соңында тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов алаш зиялылары туралы өнегелі, тарихи ақпараттарымен бөлісті.

.

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті