Елорда • 02 Маусым, 2023

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі 60-тан астам көше мен 15 мектептің атын өзгертуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді

«Қазіргі таңда 60-тан астам көше мен 15 мектепке жаңа атау беру туралы ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстар ономастикалық комиссияның алдағы отырысының күн тәртібіне енгізіледі», деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Астанада барлығы 17 даңғыл, 4 тасжол және 1110 көше бар. Олардың көпшілігі 1997 жылдан кейін көрнекті тұлғалар мен тарихи топонимдердің құрметіне жаңа атауларға ие болды.

Халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында елорда көшелерінің біріне Әзербайжан президенті болған Гейдар Әлиев есімі берілсе, жаңа алаңға «БҰҰ алаңы» деген атау берілді.