Үкімет • 05 Маусым, 2023

Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді

Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қаралады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көруге болады. Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.