Елорда • 05 Маусым, 2023

Астанадағы көпқабатты үйлердің балконына 300-ден астам ту ілінді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Astana jastary» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «челлендж» ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы көпқабатты үйлердің балконына 300-ден астам ту ілінді

Көпқабатты үйлердің балконына ту ілу акциясы жыл сайын елімізде 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналды.

«Бүкіл аудандарға 330 ту берілді. Оның 150-і Сарыарқа ауданына бөлінді. Қала бойынша ту ілу жұмысына шамамен 50 адам қатысты. Қарсылық танытқандар болған жоқ, тұрғындар бұл челленджді өте жақсы қабылдады. Біздің басты мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз», деді Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.