Спорт • 08 Маусым, 2023

Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин Тайлерде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Кукушкин екінші айналымда аустралиялық Марк Полмансты үш сетте – 2:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 17 минутқа созылды.

Келесі айналымда ол жапониялық Юта Шимизумен кездеседі.